Үздік он Қазақстан банктері

Біз Қазақстандағы банктерге бизнеске арналған қаржылық емес қызметтерді қосуға қалай көмектестік.

Идея табудан нарыққа шығуға дейін: Қазақстандағы үздік ондыққа кіретін банкке қаржылық емес қызметті іске қосуға қалай көмектескеніміз туралы айтамыз.

Біз тек әзірлемеумен ғана шектелмей толық циклді жобалар жасаумен бұрыннан бері айналысамыз. Техникалық тұрғыдан жүзеге асыру - біздің қолымыздан келетін істердің бірі, одан бөлек біз нарықты тыңғылықты зерттейміз, болжамдарды сынақтан өткіземіз, цифрлы өнімге сай келетін формаларды іздеп табамыз және клиенттің бизнесіне табысқа әкелелетін әдістерді ұсынамыз.Мысалы,біздің финтех-сараптама орталығымыз қаржы секторының ойыншыларымен жұмыс істейді. Атап айтқанда, ірі банктерден бастап криптостартаптарға дейін біздің клиенттеріміз. Аталған орталық қойылған мақсаттың негізгі бөлігін атқарады және нарықтың креативті әлеуетін дамытады: қызметтер экожүйесін құрады, инновациялар енгізеді, цифрлы платформалар жасайды. Нәтижесінде адамдардың өмірі жақсырақ бола түседі, ал бизнес діттеген нәтижесіне тез жете алады. Біз бұны қалай істейтінімізді жаңа кейс арқылы көрсетейік.

Константин Колотов
red_mad_robot финтех- бағытының директоры

Клиент: Қазақстандағы ірі банк

Кейс құпия сақталады (NDA) - біз банктің атын атай алмаймыз, алайда не туралы екенін түсіну үшін кейбір деректерін бөлісеміз.

Міндет: нарыққа арналған жаңа өнім шығарып, оны қолданатын клиенттердің санын арттыру.

2021 жылы клиент бізге хабарласқан кезде ол банк Қазақстандағы басқа банктермен өнімдері бойынша - несие, карта, салым, жеке және заңды тұлғалардың шоттары бойынша бәсекелесе алатын банк болатын. Ол ШОБ бойынша көшбасшылардың бірі болды, стратегиялық мақсаттарының бірі - бизнестің көлемін арттырып, ШОБ клиенттерінің базасын ұлғайтуды көздеді.

Банк тек қана қаржылық қызметтермен - аударым, төлем және есепшоттармен шектелгісі келмеді. Бұл қызметтер бәсекелестерінде де бар. Клиенттің командасы әрмен қарай дамып, қаржылық емес қызметтер: онлайн-бухгалтерия, бизнесті тіркеу, электронды құжат айналымы, заңгер кеңесі, қызметкерлер іздеу және т.б. қызметтерді іске қосуды жоспарлады.

Қазақстандағы онлайн-банкинг сервистерінің тізімі Ресейге қарағанда әлдеқайда шектеулі. Ресейде "Точка", "Тинкофф", "Модульбанк", "Делобанк" кәсіпкерлерге арналған экожүйелер іске қосқан — бизнеске қатысты кез келген мәселе қосымша арқылы шешіледі. Қазақстанда бұл ниша бос болатын.

Қазақстан банктері клиенттерге бухгалтерлік есеп-қисап пен құжат айналымын жүргізуге көмектесті. Бизнеске арналған басқа қызметтердің бәрін өзіңізге іздеуге тура келетін еді.

Проблема: кәсіпкерлерге қандай қызметтер қажет және оларды нарыққа қалай енгізу керектігін түсіну

Клиент қаржылық қызметтерді өз бетінше дамытты. Және қаржылық емес қызметтерді іске қосу туралы гипотезаларды қалыптастыра бастады. Бірақ біз клиенттерге қандай қызметтер керек екенін, оларды қандай ретпен дамыту керектігін және кәсіпкерлердің қажеттілігіне барынша дәл келетін MVP-ны қалай құру керектігін білмейтінімді тез түсіндік.

Банк өз гипотезаларын тез арада тексеріп, NFS-ті дамыта алатын цифрлық серіктес іздеген еді.  red_mad_robot іздегенге сұраған серіктес болды.

Банк өкілдерінің  қаржылық емес қызметтерге қатысты  өз идеялары болды. Біз олардың гипотезаларын негізге алдық. Біздің бәрімізге бұл қызметтердің тұтынушыға  қандай құндылық беретінін, оларды қандай ретпен енгізіп,  банктің басқа өнімдерімен қалай интеграциялау керектігін түсінуіміз керек еді.

Виктор Рождествин
red_mad_robot жобалар бойынша аға менеджері

Шешім: банктің гипотезаларын тексеру, қаржылық емес қызметтердің жол картасын жасау және клиенттер мен бизнеске басымдық беретін қызметтерді іске қосу.

Банк қаржылық емес қызметтердің өзіндік бэклогын жинады, бұл біздің бастапқы нүктеміз болды. Біз оны жетілдірдік, өз зерттеулеріміздегі гипотезаларды қостық және сынақтан өткіздік.

Біз Ресей мен Қазақстанның ірі банктеріне, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында танымал  өнімдерге функционалдық талдау жүргіздік. Алынған деректер бойынша қаржылық емес қызметтер тізімін жасап, шағын бизнестің қажеттілігі бойынша сүзгіден өткіздік. Одан кейін біздің бэклогымызды клиенттен алған деректермен біріктіріп, тұтынушыны зерттеу үшін сауалнама дайындадық.

Никита Шаманов
red_mad_robot бизнес-аналитигі

Біздің міндетіміз — бэклогтағы гипотезаларға басымдық беру және дамудың жол картасын жасау: бірінші кезекте қандай қызметтер жасау керек және не себепті? Барлық зерттеулерге бір айға кетті.

Төрт кезеңнен тұратын зерттеу жүргіздік

1-шi кезең: Сауалнамаға жылдық айналымы 100 млн теңгеден аспайтын 150 + кәсіпкер қатысты.

Олардың ең танымал сауалы ақпараттындыруға қатысты болды. Бұл белгілі бір кәсіпкердің бизнесіне әсер ететін заңнамадағы өзгерістер туралы жаңалықтар қызметі.

Аудиторияның қажеттіліктері -  зерттеудің бір бөлігі ғана. Клиенттердің қажеттіліктеріне жауап беретін және бизнес мәселелерін шеше алатын сұранысқа ие MVP құру кезінде осы міндеттерді ескеру қажет.

2-шi кезең: Біз банктің топ-менеджерлерімен бірге воркшоп жинадық және бизнес деңгейіндегі қызметтерге басымдық бердік

Төрт критерий бойынша бағаланды:

  • жаңа клиенттерді тарту
  • retention арттыру
  • банк өнімдерінен түсетін табысты арттыру
  • жазылу қызметін сату арқылы табыс табу

Фаворит өзгерді - онлайн-бухгалтерлік бірінші орынға шықты.

Бизнес тұрғысынан қарағанда басымдық басқаша боп шықты. Ақпараттандыру төмен баға алды, ал басқа сервистердің маңызы жоғары боп шықты.

3-шi кезең: Біз Ресейдің онлайн-банкинг нарығын және үздік банктердің тәжірибесін зерттедік

Қаржылық емес қызметтерді енгізу барысын бақылап, бірінші кезекте қандай қызметтер енгізілгенін түсіну маңызды болды.

Нәтижесінде банктер бірінші кезекте бизнесті тіркеуді, онлайн-бухгалтерияны, қаржылық сараптама және ақпараттандыруды енгізетінін түсіндік. Осылайша біз қай қызметтерге басымдық беретінімізге көз жеткіздік.

4-шi кезең: Тағы бір басымдық — әзірлеу тұрғысынан қарау

Қандай қызметтерді іске асыру оңай және жылдамырақ екенін түсіну керек болды.

Біз барлық басымдықтарды біріктіріп, фичалардың жиынтық тізімін жасадық. Біз алғашында бірыңғай тізім шыққанына қуандық. Бірақ мұндай әртүрлі қызметтер бір пайдаланушы сценарийіне тоғыспайтынын және банктің өз қызметтерімен "сәйкес келмейтінін" тез арада түсіндік. Сол кезде біз Қазақстаннандық кәсіпкерлермен бизнесті тіркеуден масштабтауға дейінгі жолды зерттеу үшін бірнеше сұхбат жүргіздік. Соның негізінде CJM құрдық, өзекті ауыртпалықтарды түсіндік және олардың қандай қаржылық және қаржылық емес міндеттері бар екенін білдік. Нәтижесінде біз қажеттіліктерді жабуға қабілеті бар толыққанды тұтынушы жолы мен қызметтер құрдық.

Анастасия Романцова
red_mad_robot бизнес-аналитика бөлімінің басшысы

Біз қаржылық емес қызметтердің жол картасын жасап, сервистердің беклогын қорғадық.

Жұмысты бастау үшін бізге ең маңызды қадамнан өту керек болды — банк басқармасында зерттеу нәтижелерін және сервистердің бэклогын қорғау.

Ол үшін біз жобаның бүкіл экономикасын толығымен есептедік:

  1. Әзірлеу құны.
  2. Қаржылық емес қызметтерді тұтынатын әлеуетті пайдаланушыларының саны - банктің қазіргі клиенттері және осы қызметтердің арқасында келетін жаңа клиенттері.
  3. Транзакциялық кірісті ынталандыру - бұл салық төлемдерін төлеу мен банктің қаржылық өнімдерімен интеграциялаудан тұрады.
  4. Retention (тұтынушыларды ұстап қалу) және NPS (пайдаланушылардың өнімге қаншалықты риза екендігінің көрсеткіші) әсері.

Нәтижесінде қорғау сәтті өтті. Банк басшылығы жобаны іске асыруды және бір жарым жылға арналған жол картасын мақұлдады.

Төрт скорингтің нәтижесі бойынша, біз қандай сервистерге ең алдымен кірісу керектігін анықтап алдық. №1 мақсат - онлайн-бухгалтерия. Бірақ, банкке жасаған ең бірінші сервисіміз есеп айырысу шоты болды.

Мобильді қосымшада кәсіпкерлерге банкке кіретін негізгі нүктені іске қостық

Бұл нүкте - есеп айырысу шотын ашу. Онсыз кәсіпкерлер банкте бизнес жүргізе алмайды және басқа қызметтерді пайдалана алмайды. Бұл қызмет банктің веб-платформасы сәтті жұмыс істеп тұрған және оны мобильді қосымшада жасау керектігі анық байқалды. Қазақстанның үздік банктерінде (мысалы, Kaspi және Halyk) мұндай сервис бар болған, ал клиент тек веб-нұсқада пайдаланатын.

Біз есеп айырысу шотын ашу қызметін жобалау  және жасаумен қатар  қаржылық емес сервистерді зерттеуді бастадық. Жобалау кезінде әрбір сервис бөлек модуль  ретінде жұмыс істеді. Бұл релиздерді тәуелсіз жасауға мүмкіндік берді. Яғни, оларға өзгерту енгізген кезде  негізгі қызметіне әсер еткен жоқ.

Мақсатты сценарий жасақтадық. Тапсырма - пайдаланушы екі минуттан артық уақыт жұмсамайтындай шот ашуды тездету. Ол үшін салықтық тексеруді және өтінішке онлайн қол қою мүмкіндігін қостық.

Онлайн-бухгалтерия

Егер есеп айырысу шотын ашу — әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы жағдай болса, онда онлайн-бухгалтерия — бұл толыққанды өнім. Оны банк қосымшасына біріктірмей тұрып, сынақтан өткізу және іске қосу қажет болды.

Біз кәсіпкерлермен күрделі сұхбат жүргіздік, бухгалтерлік есеп саласындағы ауыртпалықтар мен қажеттіліктерді анықтадық. Бұл сервиске енгізу керек функцияларды анықтауға көмектесті. Мысалы, респонденттердің әрқайсысы кем дегенде бір рет салық төлеуді ұмытып, айыппұлға ұшырады. Сондықтан біз міндетті төлем туралы еске салғыштарды қостық. Салықтарды есептеу әр айдың соңында кәсіпкерлердің уақытын алатын еді, біз сервис салық сомасын өз бетінше есептейтін функция қостық.

Инна Кондратьева
red_mad_robot арт-директоры
Банк қосымшасында қызметкерлерді қосуға, қандай салықтарды, кімге және неге төлеу керектігін көруге болады.]

Неден бастау керек — автоматтандырылған бухгалтерия немесе аутсорс-бухгалтер

Аутсорс-бухгалтердің қажеттілігін түсіну үшін қосымша зерттеулер жүргізілді - бұл қызмет іске қосылған кезде ШОБ қажеттіліктерінің біразына жауып берді. Бірақ оны әзірлеуге көп уақыт кетті. Керегі мыналар еді:

  • Сервисті қалай Қазақстан заңнамасына сәйкес жасау керектігін түсіну  - Банктің бухгалтерлік есеп бойынша кеңес беруге құқығы жоқ;
  • Бухгалтерлерді жалдау немесе серіктестер табу;
  • Кәсіпкерлер мен бухгалтерлер арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

Біздің пайымдауымызша, бәсекелестер бір уақытта қатарласып бухгалтерлік қызметтерін жасап шығарады, сондықтан біз кешіккіміз келмеді. Кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамаға сүйенсек, автоматтандырылған бухгалтерияға сұраныс жоғары, ал оны енгізу оңайырақ болды. Нәтижесінде біз автоматтандырылған бухгалтерия жасау туралы шешім қабылдады.

Біз ең танымал және қарапайым жеңілдетілген салық жүйесінен бастадық

Бірінші шығарылымда былай істедік:

  • онбординг,
  • алдағы салық апталығы туралы ескертулер,
  • қызметкерлердің анықтамасы,
  • өзіңіз және қызметкерлер үшін салықтар мен аударымдарды автоматтандырылған жүйеде есептеу және төлеу  
  • салықтар мен аударымдардың тарихы.


Кейінгі релиздерде біз бастапқы құжаттарды қосуды жөн көрдік: орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар, аутсорсинг-бухгалтердің және қаржылық кеңесшінің қызметтері.

Кәсіпкерлер үшін маңызды функция — бұл қосымшаның негізгі экранына салық төлеу мерзімі туралы ескерту шығып тұрады. Мерзімі өтіп кетсе, экран қызыл түске боялады.

Нәтижесі қалай болды

  1. Біз қаржылық емес қызметтерді іске қосу тұжырымдамасы мен жол картасын ойлап таптық. 2022 жылдың басында олардың екеуі сәтті іске қосылды - мобильді қосымшада есеп айырысу шотын ашу және онлайн-бухгалтерия. 
  2. Клиентке клиенттік базасын арттыруға көмектестік. Релизден кейінгі бірінші айда, тіпті қызметті дамытуға айттарлықтай күш салмай-ақ, біз өзіміз көздеген бизнес-кейске толық сәйкес келетін тамаша нәтижелерге қол жеткіздік. 
  3. Нарыққа ыңғайлы өнімдер шығардық. Есеп айырысу шотын тіркеу сценарийі Қазақстандағы баламалардың арасында ең жылдамы болды. Алғашқы релиз кезінде 500-ден астам адам онлайн-бухгалтерияны пайдаланды.
  4. Кәсіпкерлердің міндеттерін кешенді шешу үшін сервистердің бэклогын қалыптастырдық: ақпараттандыру, контрагенттерді тексеру, құжат құрастыру, электрондық құжат айналымы, сауда-саттық және сатып алу. 
  5. Клиентпен жұмыс істеуде  серіктестік тәсілі сәтті жол екеніне тағы бір рет көз жеткіздік. Біз өнімнің тұжырымдамасын және іске қосудың тиімді форматын табуға көмектесіп қана қоймай, гипотезаларды тексереміз, аудитория мен нарықты зерттейміз, қызметтерді ойластырамыз және жобалаймыз. Себебі  клиенттің бәсекелестік нүктесі дәл бизнес-міндеттерді, технологияларды және пайдаланушылардың қажеттіліктерін сараптау мен синтездеуде екенін түсінеміз

Келесі жоба

Үздік бес ТМД банктері
Идеядан іске қосылғанға дейін: жаңа нарықта банк экожүйесіне кіріктірілген инновациялық e-commerce маркетплейсі